2020 ж. 4 наурызда Петропавл әскери институтының курсанттарына Абылай хан мен оның батырларының мысалында Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықты арттыру мақсатында “Абылайдың 18-ші ғасырдың екінші жартысындағы ішкі және сыртқы саясаты” дәрісі оқылды.

2020 жылғы 28 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қызметкерлері “жұмыла көтерген жүк жеңіл”деп ұрандап, музей алаңында қар тазалады.

2019 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының Президенті К. Ж. Тоқаев “Ұлытау-2019” халықаралық туристік форумына қатысып, 2020 жыл мерейтойлық шаралар бастау алсын деп жариялады. 2020 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі — Алтын Орданың 750 жылдығы.

2020 жылғы 18 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Бірінші гимназия оқушылары мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғарғы педегогикалық колледждің студенттерінің қатысуымен бірлескен музейлік-тарихи викторина өтті. Алтын Орда жайында көптеген мағлұматтар оқылып, музыкалық-көркем шығармалар орындалды.

2020 жылғы 14 ақпан Көкшетау қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Абылай хан резиденциясы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған “Ордасы ұлы Абылайдың” атты жылжымалы көрменің ашылуымен жалғасын тапты. Көрменің ашылуына “Тарих және тағылым” кітабының авторы, т. ғ. д., профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев, тарих мамандары мен студенттер және Ақмола облысының тұрғындары қатысты.

Көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды.

Жас солтүстікқазақстандықтардың киелі жерлер бойынша “саяхаты” 2020 жылғы 30 қаңтар күні №44 ора мектепте 9 – 11 сыныптардың қатысуымен жалғасын тапты. “Солтүстік Қазақстан киелі жерлер картасы” бойынша ақпарат беруде музей қызметкерлері киелі жерлердің 33 нысандарымен таныстырды.