Әр жастағы келушілер музейде

"Абылай хан резиденциясы" музей кешеніне СҚО Аймақтық департаменті, Облыстық аурухананың пульмонология бөлімшесі, сондай-ақ #5 орта мектептің оқушылары қонаққа келіп, музейдің 4 залы және "Адамзаттың Абайы " жылжымалы көрмесі бойынша экскурсияны тамашалады.

“Ақтабан шұбырынды” музейлік онлайн сабақ

“Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия

20 қазан 2021 ж. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.

Негізгі мақсаты: аудиторияны қазақ даласының Ұлы ақыны Абай мұрасымен таныстыру.

Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары-қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемінің шыңы. Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау – тарихи парыз, міндет. Абай мұрасы-ғасырлар бойы өзінің маңызын жоғалтпаған халықтың сарқылмас игілігі.

“Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша онлайн экскурсия

2021 жылдың 20 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты онлайн экскурсия өткізілді. Сондай ақ 43 мектеп оқушылары Абай және оның отбасына тиесілі болған XIX ғасырдың жәдігерлермен танысты.

“Қазақ халқының қолданбалы өнері, тоқыма” музейлік онлайн сабақ