2019 жылдың 16 қазаны күні “Алақай” балабақшасында “Сиқырлы сандық” интерактивті іс-шарасы өткізілді.

2019 жылдың 15 қазаны күні “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері Абылай хан жайлы біліп, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің көптеген экспонаттарымен танысты. Балалар экскурсияны мұқият тыңдап, суретке түсіп, өздеріне көп жақсы әсер алды.

2019 жылдың 12 қазан күні “Абылай хан Резиденциясы” қызметкері “Эко Сағат” Республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараға қатысты.Қатысушылар ағаштар отырғызды.

2019 жылдың 09 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Мамлют ауданының оңалту орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар мұражай экспозициясымен және “ALYP TULĠALAR” жылжымалы көрмесімен танысты.

2019 жылдың 08 қазан күні “Абылай хан резиденциясы”музей кешенінің аумағында ашық аспан астында “XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” атты тақырыпта дәріс өтті. Дәріске СҚКПК студенттері қатысты.Ұйымдастырушылар “Абылай хан резиденциясы” тарихи-ғылыми зерттеу бөлімі. Сонымен қатар музей залдары және “Алып тұлғалар” атты жылжымалы көрмесі бойынша шолу ұйымдастырылды.