25.10.2019 ж. “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені “Рухани жанғыру” бағдарламасы аясында өтіп жатқан “мұражайлар шеруі” республикалық акциясына қосылды.

Бұл күні музейге келушілер “Аily túnniń jaryģymen” фестиваліне қатыса алды. Шара сағат 21: 00-де басталып, сағат 03:00-ге дейін жалғасты.

Фестиваль бағдарламасында қатысушылар “Абылай ханның Ресей елшісімен кездесуі” атты С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театрының әртістерінің орындауындағы қойылымын тамашалады. Осы түні мұражайда "Караоке" кафесі жұмыс істеді, сонымен қатар “ғасырлар тоғысындағы тарих” квест – ойыны ұсынылды. Квест сәтті өтіп, ойыншылар Абылай ханға өзінің ең маңызды сұрағын қоя алды.

“Ел-тірегі” республикалық науқаны аясында, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл қаласының колледж студенттері мен Қарулы Күштері ардагерлері және “Жас сарбаз” жастар қозғалысы әскери-патриоттық ұйымының төрағасының қатысуымен “Ұрпақ диалогы” патриоттық шарасы өткізілді.

Өткізіліп отырған шараның басты мақсаты жастардың бойына Отанға, өз өлкесіне, еліміздің тарихына және батыр бабаларымыздың елі үшін ерліктеріне деген патриоттық сезімді арттыру арқылы өз Отаны Қазақстанды сүйетін, қорғайтын және елі үшін қызмет ететін нағыз азаматтарды тәрбилеу.

Сондай-ақ, жастар “Абылайхан Резиденциясы” мұражайлық кешенінде ханның шежіресі, Абылайдың қиын балалық пен жастық шағы, Абылайдың қолбасшы мен болашақ мемлекеттік қайраткер ретіндегі дамуы туралы мәліметтермен және құнды тарихи экспозициялармен танысты.

2019 жылдың 23 қазан күні 32 мектептін шағын˗орталығында “Сиқырлы сандық” интерактивті іс-шарасы өткізілді.

Елімізде жарияланған “Экосағат” экологиялық акциясының аясында “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Жапырақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды” ұранымен, қариялар айлығы мен Жастар жылы шеңберінде, музей алаңында көгалдандырып ағаш отырғызылды. Игі шараға қаламыздың зейнеткерлері мен жас буындары қатысып, 30 астам ағаш отырғызылды.

 2019 жылдың 17 қазаны күні №42 орта мектептің 1-сынып оқушыларына “Қадамыңа гүл бітсін” интерактивті іс-шарасы өткізілді.