“Үздік экскурсовод-2021” республикалық конкурсы

2021 жылдың 29 қарашасы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған музей қызметкерлері арасында "Үздік экскурсовод-2021" республикалық байқауы өткізілді. Байқауға "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінің экскурсия жүргізушілері Бейсембина Н.А., Калелова А.К., Набиев А.Ж. қатысты. Әділ-қазылар алқасы біздің қызметкерлеріміздің жоғары кәсіби біліктіліктілігін атап өтті.

НЗМ-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елбасы – ел мақтанышы” көрмесі

30 қарашада НЗМ-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елбасы-ел мақтанышы” көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, оның Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту жөніндегі қызметімен таныстыру.

Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел

2021 жылдың 29 қарашасында “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, музей қызметкерлері қатысты.

Негізгі мақсаты: Ұлт көшбасшысын өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбек жолында өз Отанын сүю және өз халқының патриоты болуды насихаттау.

Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елбасы – ел мақтанышы” көрмесі

2021 жылғы 25–26 қарашада Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елбасы – ел мақтанышы” жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, оның тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту жөніндегі қызметімен таныстыру.

“Музей құпиялары”. 19 бөлім. Музейлік онлайн сабақ