2019 жылдың 15 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қызметкерлерімен “Super Star Club” бос уақытты өткізу және дамыту орталығының тәрбиеленушілеріне “Сиқырлы сандық” іс-шарасысы өткізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты: тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар өңірімізде тұратын басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Балалар музыкалық жұмбақтарды шешіп, би билеп, ұлттық ойындарды ойнады. Олар әр халықтың музыкалық аспаптары жайында білімдерін кеңейтті.

Сонымен қатар тәрбиеленушілер домбыраның қалай пайда болғаны жайында аңызды тыңдады. Іс-шараның бір ерекше сәті музыкалық композицияларды домбырада ойнау. Сол арқылы балалар әуеннің түрін тауып айтты. Іс-шараны қорытындылай келе естелік ретінде балаларға домбыра пішініндегі белгішелер сыйға берілді.

2019 жылғы 15 тамыз күні “Рухани Жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыруда “Василек” балабақшасының тәрбиеленушілері “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне келіп, экскурсияны тамашалады. Балабақша тәрбиеленушілеріне патриоттық және рухани тәрбие беру; қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлеріне жұмылдыру. Экскурсия жүргізуде осы негізгі міндеттер музей қызметкерлерінің алдына қойылды. Балалар қызыға экспозициямен танысып, өз елінің тарихы жайында танымын кеңейтті.

31 июля 2019 года гостям КГУ “Центра реабилитации инвалидов” была проведена экскурсия в стенах музейного комплекса “Резиденция Абылай хана”.

2019 жылдың 31 шілде күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Тәжікстаннан келген делегацияға экскурсия өткізілді.

2019 жылдың 30 шілде күні Арыс қаласынаң келіп "Золотая осень" лагерінде демалып жатқан балаларға "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінде экскурсия өткізіліп, сонымен қатар Қазақстан символдары тақырыбына интерактивті іс-шара өткізілді.