Қариялар – біздің қамқорлығымызда
2019 жылдың 04 қазаны күні қарттарды қолдау айлығы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Мамлют ауданының ардагерлері экскурсияға келді. Қонақтар қазақ халқын біріктірген, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның өміріне байланысты негізгі оқиғалармен танысты. Сондай-ақ, қарт адамдарға Жамбыл ауданынан келген “Alyp tulǵalar” жылжымалы көрмесінен эскпозиция ұйымдастырылды.
Кигіз үйге қош келдіңіз!
2019 жылдың 2 қазан күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлерімен №44 орта мектептің оқушыларына “Кигіз үйге қош келдіңіз!” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді. Қазіргі уақытта кигіз үй қазақ халқының ерекше музейі болып табылады. Балалар кигіз үйді құрайтын бөліктерді, оның ішкі безендірілуін оқып, үйренді. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бұрынғы заманнан сақталып келе жатқан, көне заттардан құралған шағын көрме көрсетілді.
“ALYP TULǴALAR” Жамбыл ауданының жылжымалы көрмесі
27 қыркүйек сағат 11:00 де “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге еңбек ардагерлері, №43, №32 мектеп оқушылары, қала тұрғындары, Қазақстан суретшілері қатысты. Қатысушылар саны 90 адам. Көрмеде біздің көрнекті жазушыларымыз С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, И. Шуховтың жеке заттары көрсетілген. Жазушылардың әдеби шығармалары, қолжазбалары қойылған. Көрме 11 қазанға дейін жұмыс істейді.
Одаренные дети на экскурсии в музее
2019 жылдың 25 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешені» КММ экскурсияға келді. Балалар 18 ғасырдан көптеген қызықты мәліметтер біліп, Абылай ханның тұлғасымен жақынырақ танысты, сондай-ақ, қазақ халқының этнографиясы жайлы білді.