Хан мұрасы – Қостанайда

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин облыстық мемориалдық музейінде “Ордасы ұлы Абылайдың” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Шара аталмыш мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастық меморандуының аясында жүзеге асып отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты өзінің мақаласында “Бұқараның санасында тарихи үрдістер ең алдымен дербестендірулер сипатында болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елдерінің өзіндік ерекшелігі бар елшісіне айналған ұлы бабаларымыздың есімдерін бағалап мақтан етеді.Ұлы дала біртуар саңлақтарды дүниеге келтірген,олардың ішінде Абылай хан да бар”, – деген болатын. Көрмені тамашалаушылар тарихи тұлғаны жан-жақты танып-білуде. Мұражай қызметкерлері қостанайлықтар назарына 30-дан астам жәдігер ұсынды. Солардың ішінде Шалакын ауданындағы Көктерек ауылының тумасы Қазыбек(Тышқан) батыр найзасының ұшы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Батыр 18 ғасырда жоңғарларға қарсы шабуыл жасаған Абылайдың атақты жауынгерлерінің бірі болған. Көрме сөрелеріне Абылай хан туралы кітаптар,оның Ресей өкіметіне жазған хаттары қойылған. Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.

Гүлнәр Жұмабекова
“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкері

Вклад Елбасы в развитие культуры

XX век необычайно расширил понимание культуры, которая стала видится, как всечеловеческая и разнохарактерная беседа («Большой диалог» по терминологии М. М. Бахтина). Развитие культуры обязательно требует акта обмена ценностями, следовательно быть в культуре – значит вступать в общение с прошлым и будущим. Причем участвующие в этом «диалоге» не подвергаются нивелировке и полностью сохраняют свою самобытность. В своей статье « Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» Н. А. Назарбаев говорит: «что конкурентоспособность культуры является важной составляющей конкурентоспособности в современном мире». Именно благодаря Назарбаеву Казахстан за годы своей независимости переживает период возрождения культуры. 24 декабря 1996 года был принят закон «О культуре», который регулирует общественные отношения в сфере создания, возрождения и распространения казахской национальной культуры и культуры других народов Казахстана. Были возрождены национальные праздники, праздник Наурыз стал государственным праздником. За период независимости в Казахстане значительно увеличилось количество театров, библиотек, государственных музеев. Парков отдыха и т.д. сегодня о казахской культуре знают и за рубежом. Было подписано многих международных соглашений о совместном сотрудничестве. У нас, в Петропавловске, в рамках государственной программы «Культурное наследие» из средств республиканского бюджета проводились ремонтно-восстановительные работы по реставрации «Резиденции Абылай хана». 21 августа 2008 года состоялось знаменательное событие не только для жителей нашего города, но и для всей Республики – произошло торжественное открытие музейного комплекса «Резиденция Абылай хана». Открыл комплекс Президент РК Н. А. Назарбаев. СКО получило уникальный музей нового типа, не имеющий аналогов в Республике. Экспозиция комплекса не только знакомит посетителей с основными событиями жизни Абылай хана, но и уделяют огромное внимание воспитанию в посетителях чувств патриотизма и преданности Родине.

За время руководства страной Н. А. Назарбаев вывел Республику в число наиболее узнаваемых и конкурентоспособных стран мира.

Мы, сотрудники музейного комплекса «Резиденция Абылай хана» выражаем Н. А. Назарбаеву искреннюю благодарность и желаем долгих лет жизни.

Абылай мұрасы – ұрпаққа аманат

Қазақтың дарқан даласы киелі жерлерге бай. Оны қадірлеп-қастерлеу – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Қазақ даласының қасиеті жайлы ақын Фариза Оңғарсынова:

“Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау, Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам”, – деп жырлайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. “Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі”, – деді Елбасы.

Ұлтық құндылықтардың қайнары

Қызылжардағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені өзінің қайталанбас сәулетімен ерекшеленеді. Мәрмәр тастармен көтерілген баспалдақтармен жоғары өрлей бастасаңыз, сізді ат үстіндегі Абылай ханнаң алып тұлғасы қарсы алады. Резиденцияның толық қалпына келтіріліп, жаңаша кейіпке енгеніне биыл тоғыз жыл толады. 2008 жылдың 21 тамызы күні осынау ерекше нысанға қарай жұрт ағылды.