Тұрғындардың көзайымы

Qyzyljar №47 (887) 26.11.2021

Петропавлда ұлттық валютаның тарихына арналған көрме өтіп жатыр

2021 жылғы 17 қараша 16:37

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ұлттық валюта - теңгенің айналымға шыққанына 28 жыл толуына байланысты ерекше көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде ұйымдастырылған. ҚР Ұлттық Банктің Солтүстік Қазақстан филиалы көрермен назарына теңгенің 28 жыл ішінде жарық көрген топтамасын ұсынды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық валютаның тарихымен танысып, алғашқы банкноттарды тамашалайды. Сондай-ақ тарихи оқиғаларға байланысты, елдің айтулы күндеріне, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған коллекциялық монеталар да ұсынылған. «Қолданбалы өнер», «Атақты мешіттер», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары», «Қазақстан фаунасы» секілді монеталар сериялары бар.

«Белгілі бір кезеңде ұлттық валютаны енгізу мәселелерін әр мемлекет өзі шешті. 1993 жылы Ресей банкі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік банкноттар айналымнан алынды. Егер де кеңестік банкноттарды айналымнан алмағанда ол гиперинфлияцияға алып келер еді. Одан халық тұрмысы төмендеп, шекаралық сауда-саттық тоқтар еді. Одан көптеген кәсіпорындар банкроттыққа ұшырап, жұмыссыздық көбейер еді. Бірақ ұлттық валютаның жасалуы бұл мәселенің алдын алды», - дейді музейдің қор сақтаушысы Ақмарал Елеусізова. Ақмарал Елеусізованың айтуынша, қазақстандық валютаның атауы төңірегінде көптеген айтыс-тартыс болды. «Ақша», «алтын», «танга», «сум», «сом» атаулары ұсынылып, талқыға түсті. Таңдау «теңгеге» түсті. 1993 жылы 15 қарашада ақша айырбастау басталып, ол 5 тәулікке созылды. Сол уақытта 100 мың рублей 100 теңгеге бағаланды.

«Қазақстандық теңгенің сыртқы бейнесі 3 рет өзгерді. Ал монеталарға келер болсақ, алғашқыларын Германияда жасап, ұшақпен Қазақстанға жеткізді. Басында тиындар болды. Сондай-ақ коллекциялық, мерейтойлық, инвестициялық тиындар шығарылды», - дейді Ақмарал Елеусізова. Көрме 11 қарашадан 18 қарашаға дейін жұмыс істейді.

Теңге – тәуелсіздік нышаны

Qyzyljar nury 45 (885) 12.11.2021

Выставка посвященная Дню национальной валиты

Адамзаттың Абайы

Батырларға — мың тағзым!