“Ақтабан шұбырынды” музейлік онлайн сабақ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған “Қос батырдың бірі – Құлеке” атты конференция

 

2021 жылдың 24 ақпанында Абылай хан резиденциясы “Қос батырдың бірі – Құлеке” атты онлайн конференциясын ұйымдастырды. Конференцияда сөз сөйлегендер: Садаев Аян Нәбиұлы – Абылай хан Резиденциясының директоры; Қошанов Аманжол Қошанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері; Тасболатов Абай Бөлекбайұлы – генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы; Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – академик, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры; Біржанов Хамит Біржанұлы – Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Алматы қаласы Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы; Тәжин Жангелді Уақпанұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика еңбек ардагері; Смағұлов Рахат Назымбекұлы – Шал ақын ауданының әкімі; Оразалин Тұрар Сейтжанұлы – Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Тыңдаушылар: Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, Шал ақын ауданының, Петропавл, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары.

“Есік” археологиялық өлкетану музейі “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде қонақта

2021 жылдың 18 ақпаны күні ұлы тұлға Абылай ханның 310-жылдығына орай Алматы облысы “Есік” археологиялық өлкетану музейінің “Музей қонақта” айдары бойынша “Абылай хан резиденциясы” музей кешені онлайн экскурсия өткізді.

“Мемлекеттік құрылу және бірігу” музейлік онлайн дәріс

“Ағаш тамырымен адам досымен мықты” музейлік онлайн сабақ