М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде “Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме
2021 жылдың 16 наурызында Шежіре күніне орай Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған “Әлихан Бөкейхан – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар оқушылар Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдады. Оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.
“Киелі табиғат” музейлік онлайн сабақ
“Көрісу күні” көрісу мерекесіне арналған шара
Видеопрезентация «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады», посвященная Международному женскому дню
“Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” көрме
2021 жылғы 5 наурызда Абылай хан резиденциясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына ГТК оқушылары, Әскери институтының курсанттары, шақырылған спикерлер қатысты. Баяндамалармен сөз сөйледі: жазушы-журналист, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Самрат Ж. Б., М. Қозыбаев атындағы С.Қ.У-інің “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.қ. Әбуов Н.А., Әскери институтының оқытушы Гүлназым Жарасқызы, М. Қозыбаев атындағы С.Қ.У-інің студенті, жас ақын Аяған Диас. Көрме экспозициясы мұрағаттық құжаттардан, фотосуреттерден, үзінділерден, кітаптардан тұрады. Іс-шараның мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен саяси қызметі үлгісінде Отанға қызмет етудің үлгісін көрсету, патриотизмді тәрбиелеу, халық тарихына деген қызығушылықты арттыру, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ояту. Бұл көрме екі апта бойы жұмыс істейді. Онымен барлық адамдар таныса алады.
28 бет. Барлығы: 104