”Музей құпиялары”. Музей онлайн сабақтар топтамасы. 1 бөлім.

“Vadilena” Балалар орталығы

2021 жылдың 31 наурызы күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Петропавл қаласы “Vadilena” балалар орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізілді.

Балаларға Абылай ханның өмірі және қызметі жайлы, сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті жайында мағлұмат берілді.

Отанымызға деген махаббат сезімі туған өлкелерінің тарихын меңгеруден басталады және ұлтжанжылықтың ең биік көрінісі болып саналады.

СҚУ колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” жылжымалы көрмесі

2021 ж. 31 наурызы күні Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері СҚУ колледжінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Студенттер Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдап, оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.

“Райымбек батыр” музейлік онлайн сабақ

“Қазақтың ерекше салты – Селтеткізер” музейлік онлайн сабақ