ЮНЕСКО тізімі мен республикалық маңызы бар тарихи-мәдени объектілерге сенбілік өткізілуде
Осындай «Республикалық киелі жерлер картасына» енгізілген ғимараттардың бірі — «Абылай хан резиденциясы». 2023 жылғы 14 қыркүйек күні Ұлы мемлекеттік қайраткері, дипломат үш жүздің басын құраған – Абылай ханға арналған Ақ үйінің территториясының қақ ортасында орналасқан «Абылай ханның ат үстіндегі» көрнекті ескерткішіне, мемлекеттік деңгейдегі болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау шараларын ұйымдастырып, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы тарихи-мәдени мұраларымызды бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, келешек ұрпақты өз елінің мәдениетіне, өткен тарихына жанашырлықпен қарауға, ұлтжанды етіп тәрбиелеу мақсатында тазалық күні өткізілді. Шараға орта буын өкілдеріннен Қазақстан Республикасының Президенті грантының иегері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, Есіл ауданының құрметті азаматы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, жазушы, «Абылайдың ақ үйі» кітабының авторы Жақсыбай Самрат ағамыз бен «Amanat» партиясының облыстық филиалының басшысы Жеңіс Мұхтарұлы Асанов қатысты.