“Ақтабан шұбырынды” музейлік онлайн сабақ
“Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия
20 қазан 2021 ж. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенттері үшін Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.
Негізгі мақсаты: аудиторияны қазақ даласының Ұлы ақыны Абай мұрасымен таныстыру.
Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары-қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемінің шыңы. Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау – тарихи парыз, міндет. Абай мұрасы-ғасырлар бойы өзінің маңызын жоғалтпаған халықтың сарқылмас игілігі.
“Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша онлайн экскурсия
2021 жылдың 20 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты онлайн экскурсия өткізілді. Сондай ақ 43 мектеп оқушылары Абай және оның отбасына тиесілі болған XIX ғасырдың жәдігерлермен танысты.
“Қазақ халқының қолданбалы өнері, тоқыма” музейлік онлайн сабақ
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» жылжымалы көрме
2021 ж. 15 қазан күні Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Оқушылар Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдап, оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.
9 бет. Барлығы: 104