Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің “Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі

2021 жылғы 30 қыркүйекте Семей қаласындағы Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

Негізгі мақсаты: аудиторияны қазақ даласының Ұлы ақыны Абай мұрасымен таныстыру.

Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары-қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемінің шыңы. Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау – тарихи парыз, міндет. Абай мұрасы-ғасырлар бойы өзінің маңызын жоғалтпаған халықтың сарқылмас игілігі.