“XVIII ғасыр қазақ батырлары” атты конференция

2021 жылғы 27 қыркүйекте Абылай хан резиденциясында “XVIII ғасыр қазақ батырлары” конференциясы өтті.

Спикерлер: Садаев Аян Нәбиұлы - Абылай хан Резиденциясының директоры; Мәлікова Сәуле Зейноллақызы - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты; Жақсыбай Самрат Баянұлы - “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі, жазушы-журналист; Сартаев Жанбатыр Нұртайұлы - профессор, медицина ғылымдарының докторы; Плешаков Анатолий Андреевич – тарих ғылымдарының кандидаты, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры; Тәжин Жангелді Уақпанұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика еңбек ардагері; Шалабаев Қарақат Ысқақұлы – педагогика еңбек ардагері; Балтабаев Абылай Зияұлы – Шал ақын ұрпағы.

Мақсаты: қазақ тарихының баға жетпес қазынасын, қазақ жауынгерлерінің халық тағдырын шешудегі жеңістерінің тағдыршешті мәнін насихаттау, жас өскелең ұрпақтың Ұлы Дала кеңістігін ғасырлар бойы қорғаған батырлардың батырлық ерліктері туралы түсініктерін кеңейту.