Абылай хан резиденциясы мұражай кешені «Мұражайға сый» науқанын ашылғанын хабарлайды. Бұл шара мұражй кешенінің ашылғанына 10 жыл толуына орайында өтпекші. Сіздерді мұражайды тамашалауға және жалпы Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы зор сый тапсыруға шақырамыз.

Науқанның негізгі мақсаты қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару болып табылады. Қабылданған сыйлар қазыргі нақты заңнамаға сәйкес Абылай хан резиденциясының қорына беріледі.

Барлық сыйлаушыларға сыйға тартқан барлық заттар үшін ресми құжаттар беріліп, алғыс хаттар мен кіру билеттеріне ие бола алады.