Петропавл қаласының киелі қасиетті жерлері

2019 жылғы 26 қарашасында үйірмешілер Петропавл қаласының киелі орындарымен танысуды жалғастырды. Бұл жолы Қызылжар орталық мешіті, Дин-Мухаммад мешіті, Қасиетті православ ғибадатханасы, Иисустың Қасиетті жүрегінің католиктік ғибадатханасы сияқты мәдени нысандармен танысу болды.

“Жас өлкетанушылар” үйірмесі

2019 жылдың 15-қараша күні облыстық тарихи - өлкетану музейінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесі өткізілді. Жас өлкетанушылар музей тарихымен, қызықты жәдігерлермен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, аң-құстарымен және құнды зергерлік бұйымдарымен таныстырылды. “Жас өлкетанушылар” үйірмесіне қатысушыларға “Асыл мұра” қызметкерлері өңіріміздің жерлес ақын - жазушылармен, елін, жерін қорғаған қаһарман батырлардың ерлігімен таныстырды. Жерлес жазушылардың жазған шежірелерін көрсетіп, талдады. “Жас өлкетанушылар” көптеген мағлұматтар алып, өлкеміздің тарихына қызығушылық арттырды.

“Жас өлкетанушылар” үйірмесі

2019 жылдың 10 қазан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Туған жер” жобасы шеңберінде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесінің ашылуы өтті. Музей қатысушыларға заттық және рухани құндылықтарды танып, ғылыми тұрғыда нәтижелерін насихаттауға үйретеді. “Жас өлкетанушылар” үйірмесі тарихты, тарихи ескерткіштердің, мәдениеттің қалыптасуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Жас өлкетанушылар жерлес жазушылардың өмірінен сыр шертетін “Алып тұлғалар” атты жылжымалы көрмесімен танысты.

Таныс және…таныс емес Петропавл

15.02.2019 жылы Петропавлдың тарихи-көне жерлеріне саяхат жалғасты. Үйірмеге тарихшы, өлкетанушы Дюсенов Серік Атығайұлы шақырылып, ол оқушыларды Қазақстан Конституциясы, Пушкин, Мир көшелерінің тарихымен таныстырды.

07.12.2019 ж. Петропавлдың киелі және тарихи орындарымен үйірменің алғашқы танысу сабағы өтті. Республикалық “Киелі картасына” енген “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінен “бейтаныс” қалаға саяхат жүргізілді. Балалар бірінші театрдың қайда орналасқанын, бекіністің соңғы коменданты қай жерде тұрғанын білді, революцияға дейінгі Петропавлдың білім беру мекемелері орналасқан ғимараттармен танысып, театр алаңы бойынша “саяхатта” көп жаңалықтармен тәнті болды.

“Жас өлкетанушы” мұражай үйірмесі.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Жас өлкетанушы” үйірмесі өз қызметін бастады. №2 орта мектептің 20 астам оқушылары өлкетанушылыққа деген қызығушылықтарын білдірді. Үйірменің алғашқы сабағы 2018 жылғы 31 қаңтарда өтті.

 Өлкетанушылықпен айналысамын деп қызығушылық танытқандарға қош келдіңіздер дейміз!

2018 жылдың 24 қазаны күні екінші оқу жылының «Жас өлкетанушы» үйірмесінің бірінші отырысы өтті. Осы оқу жылының тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысының киелі орындары».

Cабақта үйірмеге қатысушылар біздің өңірдің киелі орындарына виртуалды түрде сапар шеккен болатын . Биылғы  оқу жылында №2 ОМ оқушыларына №23 мектептен құрдастары қосылды.