«Солтүстік Қазақстан облысы киелі жерлер картасы» дәріс

2023 жылғы 20 қыркүйек Есіл аудандық тарихи-өлкетану музейінде Явленка селосының тұрғындары «Солтүстік Қазақстан облысы киелі жерлер картасы» тақырыбында киелі жерлер бойынша саяхатқа шыққандай әсер алды. Дәрісті музей кешенінің 15 жылдығына орай «Абылай хан резиденциясы» қызметкерлері ұйымдастырды.