Тарих балалардың көзімен

2020 жылдың 25 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде №1 Явленка орта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді.

Балалар 18 ғасырдағы Қазақ хандығының ең маңызды саяси тұлғасы – Абылай ханның өмірі және қызметімен танысты.

Сондай-ақ, оқушылар назарына “SYRLY OIÚLAR” атты жылжымалы көрме ұсынылды. Музейге келушілер бес мың жылға жуық тарихы бар кілем тоқудың технологияларымен білімдерін кеңейтіп, “өрмек” кілем тоқу құрылғысын өз көздерімен көрді.