Музейдегі № 2032 әскери бөлімінің әскери қызметшілері

2020 жылдың 17 қаңтары “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экспозициясымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекаралық қызметінің №2032 Әскери бөлімінің әскери қызметкерлері танысты. Музей қонақтары XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының Ұлы мемлекет қайраткері, көреген саясатшы, ержүрек қолбасшы, қазақ халқын біріктіруші Абылай хан өмірінің негізгі оқиғаларымен танысты.