Дала өркениеті

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 15 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты С. Ы. Ыбыраевтың қатысуымен “Дала өркениеті” тақырыбында дәріс оқылды. Шараға Медицина колледжінің екінші курс студенттері қатысып, дәріс музей залдары бойынша экскурсия тыңдаумен жалғасын тапты.