“Армысың, әз Наурыз!”

20 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Армысың, әз-Наурыз!” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға қалалық мәдениет үйі мен облыстық филармония ұжымы қатысты. Мерекелік киіз үйде тұсаукесер салт-дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ, мерекеге келген қонақтарға ыстық бауырсақтар мен шай ұсынды.