Ата-аналарға арналған мұражай сабақ

2018 жылдың 27 ақпаны “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, Қожаберген бабамыздың туғанына 355 жыл толуына орай, жырау атындағы № 6 қазақ орта мектебінің ата-аналарына “Дауылпаз баба-Қожаберген” жырау тақырыбына мұражай сабағы өткізілді. Іс-шара халықаралық “Бала шабыты” байқауының жеңімпаздары “Мұрагер” ансамблінің өнер көрсетуімен басталды.

Ата-аналарға қазақ мемлекеттігін қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген ерекше тұлға “сегіз қырлы, бір сырлы” дара дарын Қожаберген бабамыз туралы мағлұмат беріліп, қорытынды жасалды.

Қожаберген бабамыз өз кезінде туған жерін жат жұрттың шапқыншылығынан қорғап, қалың жауға қарсы қол бастаған қас дұшпанға қарсы қол жинап, елін, жерін сақтаған көреген елші, кемеңгер ойшыл болған данагөй.