“Тарих сырын шерте отыра”

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Жас экскурсия жүргізушілері үйірмесінің қатысушылары арасында “Тарих сырын шерте отыра” байқауы өтті. Үйірмеге қатысушылар 2 жыл ішінде қаламыздың барлық дерлік мұражайларына барып, Петропавл қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Экскурсия жүргізуші маманының қызықты да танымдық жақтарын айқын танып, материалды көрермендерге дұрыс жеткізу техникасын үйренді.

Байқаудың бірінші турында әр қатысушы өзінің “Визит карточкасын” ұсынды. Екінші кезең 2 тапсырмадан құралды: бірінші тапсырма – қазақ халқының әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін көрсету. Екінші тапсырма – “Шапшаң”, бұл кезеңде қатысушылар өздерінің зеректіліктерін тосыннан берген тапсырма – қонақтарға Петропавл қаласы бойынша шағын экскурсия жүргізу арқылы көрсетті.

“Тарих сырын шерте отыра...” Жас экскурсия жүргізушісі байқауының жеңімпаздары:
I орын – Әшімова Меруерт С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы
II орын – Наргузина Жанна № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
III орын – Құрманғалиев Мирас №2 орта мектеп
“Көрермендер көзайымы” – Мұрзахметова Жансая №2 орта мектеп