“Ел тірегі – Елбасы” мұражай сабағы

2017 жылдың 28 қараша күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай қазақ-түрік лицейі оқушылары мен “Нұр-бөбек” балабақша тәрбиеленушілеріне “Ел тірегі – Елбасы” атты мұражай сабағы өткізілді. Іс-шараға Тайынша ауданының Краснополянский мектебі, Петропавл қаласының № 7, 9, 2 мектептері, Әл-Фараби мектеп-лицейі, “Лорд” мектеп-лицейі, қазақ-түрік лицейі, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушылары қатысты.