“Қазақстанның 100 жаңа есімдеріне” қатысушыларға дауыс беру

2017 жылғы 08 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде ұсынылып отырған 100esim.el.kz. сйтында “Қазақстанның 100жаңа есімдеріне” қатысушыларға дауыс беруге жапай қатысты.

Дельфий ойындары

Дельфий ойындары біздің өңірімізде алғашқы рет және биылғы жылы ойын “Өнерім – рухани қазынам” атты ұранмен өткізіліп отыр. Тарихи және мәдени ошақтарын, көрікті орындармен танысу шеңберінде ойынға қатысушылар “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенін тамашалады.

Конференция. “Жас Отан”.

2017 жылғы 27 қазан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенімен бірлесіп “Нұр отан” партиясы қарамағындағы “Жас Отан” жастар қанаты жастар саясаты басқармасының қолдауымен, гуманитарлы-техникалық колледж, СҚМУ студенттері, ”Мұнаймаш“ зауыты жастар өкілдері мен СҚМУ кәсіподақ ұйымдарының студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өтті. Кездесуге қатысушыларға мұражай залдары бойынша жалпы экскурсиялар ұсынылып, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын талқылау бойынша конференция өткізілді.

“Музейдегі қазақ тілі күні”

2017 жылғы 25 қазан “Қазақ тілі күні” өткізу шеңберінде Ұлттық банк қызметкерлері “Фараб – Отырар өркениеті” тақырыптық көрмесін қазақ тілінде тамашалады.

“Қарттарым – асыл қазынам”

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2017 жылдың 18 қазан күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Қарттар күніне орай “Қарттарым – асыл қазынам” атты қайырымдылық іс-шара өткізілді. “Біздің қымбаттыларымыз” науқанына байланысты презентация арқылы қарттарға немерелерінен құттықтау сөздер мен тілектер айтылды. Қайырымдылық іс-шара мұражай залдары бойынша жалпы шолу және “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмені тамашалаумен аяқталды. Іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты.