Пара берме және алма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы басшысының

2017 жылғы «19» қаңтар № 13-нқ бұйрығымен бекітілген

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: мәдениет, архивтер және құжаттама.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама саласында жұмыс істейтін тұлғалардың жүріп тұру (әрекет ету) қағидалары.

    3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта көрсетілген салада жеке мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстанып іске асыру;
    • Қазақстан халқы бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға себептесу, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;
    • адал, әділетті, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтар мен әріптестермен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болу;
    • тұрғындардың мемлекеттік қызмет алушы ретінде сұрауларына бейімделе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша үнемі шара қолдану;
    • мемлекеттік қызметті алуға қатысты түскен өтініштерді, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын қарау кезінде кешіктіру фактілеріне жол бермей, белгіленген ауқытта ұсыну;
    • мемлекеттік қызмет алуға өтініш бергендермен қызметтік емес қатынастар құрмауға;
    • құқық бұзушылық және қылмыс жасауға тарту әрекеті туралы басшыға хабарлау;
    • «бір терезе» қағидасын ұстану, мемлекеттік қызметті, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын алушымен тікелей байланысты барынша азайту;
    • мемлекеттік қызметті көрсету, лицензия немесе рұқсат құжаттарын алу үшін бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттардың ұсынылуын талап етпеу және сұратпау;
    • қызметті алушылардан ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды талап етпеу:
    • автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету туралы қарауға қабылданған өтініштер, оларды қарау ахуалы туралы мәліметтерді уақытында енгізу;
    • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдақор мүдделерді басшылыққа алмау;
    • маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүру; басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеу және көтермелемеу;
    • әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеу; қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмау; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту; сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндау; орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күдіктілігі туралы тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлау; жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерінен талап ету;
    • кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстану;
    • басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау тиіс.

    3.2. өз құзыреті шегінде басқару және басқа шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде

    • заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қатысы бар қабылданған шешімдердің айқындығын қамтамасыз ету. Басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді.
    • рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
    • қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;
    • арамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;
    • олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту; нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;
    • қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
    • қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
    • қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;
    • қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;
    • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;
    • қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
    • қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;
    • қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу ұсынылады.

    3.3. нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде

    • заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;
    • қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, ішкі істер органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу;
    • үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүру тиіс.

    3.4. тіршілік саласының ерекшеліктеріне байланысты туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде

    • өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға.
  4. Басқа шектуелер мен тыйымдар
    • қадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшыларға меритократия қағидаттарын сақтау кеңес етіледі;
    • тағайындауға материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және бақылау; қызметке қабылдау кезінде қызметкеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру.

«Адалдық Аланы» интернет-ресурсы

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес «Адалдық Аланы» http://adaldyk.kz/ интернет-ресурсының құрылғаны туралы хабарлаймыз.

Сайттың миссиясы – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сайт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген әлеуметтік жобаларды, видеоматериалдар мен өткізілген және жоспарланып отырған іс-шаралар туралы ақпараттарды ұсынатын алаң болып есептеледі. Сайтта «Азаматық қоғамдастықтармен келісімдер», «Абырой және әдеп» сияқты арнайы беттер бар. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерді, кәсіпкерлер мен басқа да сала қызметкерлерін әдептілікке тәрбиелеуге бағыттайды.    

Жария ету: соңғы науқан

2014 жылғы 01 қыркүйекте елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлікті жария ету басталды.

Мүлікті жария ету дегеніміз - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мүлікті жария етудің соңғы мүмкіндігін пайдалануға шақырды және жария ету бойынша өткізіліп отырған науқан соңғы болатынын хабарлады.

«Бұған дейінгі талпыныстарға қарағанда бұл науқан жалпыға бірдей дерлік мағлұмдау енгізілгенге дейін әрекет етуі тиіс. Бағдарламаның жылдамдығын, құпиялылығын, объективтілігін, нарықтылығын қамтамасыз ету қажет» - деді Мемлекет Басшысы.

Қазақстанда жария ету екі мәрте өткізілді. 2001 жылы ақшаны жария ету өтті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша оның барысында заңды айналымға 480 миллионнан астам АҚШ доллары қайтарылды.

2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақша түрінде науқаннан түскен пайда шамамен 845 миллиард теңгені немесе 7 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады, яғни сол жылдың ЖІӨ-іне шаққанда 8,3 пайыз болды. Екінші науқанның тағы бір ерекшелігі жария еткені үшін алым жиналды. Соның арқасында ел бюджетіне шамамен 60 миллиард теңге түсті.

Бұл жария ету науқанының ерекшелігі - жария ету науқанының біріншісінде тек банк шоттарындағы ақшаны, екіншісінде мүлік пен ақшаны  көрсету мақсаты көзделсе, бүгінгі жария ету науқанында жария етілетін ақшалар табыс болып танылмайды, оларға ешқандай салық салынбайды, бірақ бұл ақша банк шоттарына түсуі және экономика барысында, атап айқтанда бес жыл ішінде жұмыс істеуі керек немесе олар заңды инвестициялық құралдарға жіберілуі мүмкін.

Жария ету нәтижелерінен мемлекет сыртқы және ішкі қор көздерінен жұмыс істемейтін қаражат түсімін күтуде, ол экономиканы кредиттеуді арттыруға, көлеңкелі айналым көлемін азайтуға негіз болады, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін де, жалпы ел экономикасының дамуы үшін оң әсер ететін бюджет түсімдерінің ұлғаюына ашады.