НЗМ оқушыларына арналған онлайн экскурсия

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7–8-сынып оқушыларына онлайн экскурсия өткізілді. Instagram парақшасының тікелей эфирінде көрермендер үйлерінен шықпай-ақ, музейдің төрт залын тамашалап, 18 ғасырдың құнды дүниелерімен танысты. Балалар қолжетімді тілмен Қазақстан тарихындағы маңызды мағлұматтарды біле алды.

Сондай-ақ, оқушылар “SYRLY OIÚLAR” атты жылжымалы кілемдер көрмесімен таныса алды.