Әл–Фарабидің 1150 жылдығына арналған ғылыми- ағартушылық конференция

2019 жылдың 20 желтоқсан күні Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ғылыми-ағартушылық конференция өтті. Ғылыми – ағартушылық конференцияға қатысушылар Әл- Фараби трактаттарын, философиясын, даналық ойларын өз замандастарының аузынан естіп, сана – сезімін тереңдетіп және рухани мәдениетін жан- жақты алға жылжытуға рухани азық алды. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары, облыстық өнер колледжі оқытушылары,қалалық мектептердің басшылары мен оқушылары, НЗМ-нің мұғалімдері қатысты.

Ұйымдастырушылар: Петропавл қалалық білім бөлімінің “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені, “Әл-Фараби” мектеп лицейі.