Музыкалық сандық

2019 жылдың 6 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Ақ қайың” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді.

Балалар музыкалық аспаптар жайлы өздерінің өрістерін кеңейтіп, ұлтық ойындар ойнап, би биледі.

Мектепке дейінгі балақайлар домбыраның қалай шыққандығы туралы аңызды тыңдады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер Қазақстанда 2018 жылдан бастап аталып келе жатқан домбыра күні туралы білді. Іс-шараның соңында балаларға естелікке домбыра пішініндегі белгішелер сыйға тартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың бойында өз халқының ғана емес, сондай-ақ, өз өлкеңнің барлық тұрғындарының мәдениеті мен дәстүріне деген сыйластық, құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.