Мектепке дейінгі тәрбие музейде басталады.

2019 жылғы 15 тамыз күні “Рухани Жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыруда “Василек” балабақшасының тәрбиеленушілері “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне келіп, экскурсияны тамашалады. Балабақша тәрбиеленушілеріне патриоттық және рухани тәрбие беру; қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлеріне жұмылдыру. Экскурсия жүргізуде осы негізгі міндеттер музей қызметкерлерінің алдына қойылды. Балалар қызыға экспозициямен танысып, өз елінің тарихы жайында танымын кеңейтті.