Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

2019 жылғы 17 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні музей кешенінде мұражай сабағы өтті. Шараға “Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешені” КММ 8 сынып оқушылары қатысты. Балалар СҚО киелі жерлер картасы мен тарихи-мәдени орындармен “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы” КММ жұмыстарымен танысып, музей кешенінің залдарына экскурсиялық шолулар жасады. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметі жөнінде балаларды осы орталықтың бөлім меңгерушісі Баймусенов Жанат Оразбекұлы таныстырды.