Шынықсаң шымыр боласың

2019 жылдың 5 сәуір күні Абылай хан резиденциясында СҚМУ студенттеріне Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай “Шынықсаң шымыр боласың” атты іс-шара өткізілді.

Салауатты өмір салтын ұстануды мақсат етуде жастарға “Егер спорт болмаса не болар еді?” бейнеролигімен қоса дәріс жүргізілді.

Дәрістен кейін студенттер “Темекі орнына кәмпит”, “Боттл флип челлендж” сияқты акцияларға қатысып, бойларын, дене қысымын, салмағын өлшеді.