Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері

9 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Малыш” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шара барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері және түрлерімен танысты. Балалар қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, өздері де кілем тікті. Сондай-ақ, ою-өрнек түрлерін біліп, ұл бала мен қыз баланың ұлттық киімдерін оюмен безендіруді үйренді. Естелікке балабақша тәрбиеленушілері ұлттық оюдың бояу қағазын алды.