Мұражайдың ең белсенді келушісі

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің ең жиі келушілері студенттер болып табылады. Жалпыұлттық “Рухани жаңғыру” жобасын жүзеге асыру мақсатында, “Рухани қазына” бағытында 2018 жылдың 30 наурызы мен 27 сәуірі аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” кафедрасы ұйымдастырған “Мұражайдың ең белсенді келушілері” атты студенттік сайыс өткізуде. Іс-шара қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталып, сондай-ақ, жас ұрпақтың өз өңірінің тарихы және ұлы тұлғаларымен танысуға көмектеседі. Сайыс өз жалғасын табуда, бірақ бүгінгі күні мұражайдың белсенді келушілері ретінде “Тарих, экономика және құқық” факультетінің студенттерін жатқызуға болады.